Павлодарлықтар неге энергетикалық компанияның байланыс орталығына жиі жүгінеді?

Павлодарлықтар неге энергетикалық компанияның байланыс орталығына жиі жүгінеді?
Фото: pexels.com / Ron Lach

Соңғы уақытта алаяқтық схемаларының жиілеп кеткені байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғындарынан байланыс орталығына 1,5 миллион өтінім келіп түсті, оның ішінде тек телефон қоңырауларының саны 330 мыңға жетті. 

Тұтынушылар көбіне көрсеткіштерді беру, есептеулер, төлемдер мен өзара есеп айырысу мәселелері бойынша хабарласады. 

– Күніне кемінде 10 қоңырау есептеуіш құралдарын ауыстыру мәселесіне қатысты болады. Өкінішке қарай, бұл – кең таралған алаяқтық схемасы. Біздің қызметкерлер ешқашан телефон арқылы кодтарды жіберуді сұрамайды, олар әрқашан тұтынушыларға жеке барады. Сондықтан белгісіз дереккөздерге сенбеуді және ақпараттың анық-қанығын білу үшін бізге хабарласуды сұраймыз, – дейді байланыс орталығының басшысы Жанна Ахметова.

Тұтынушыларға жедел кеңес беру және көрсеткіштерді қабылдау үшін бірнеше байланыс арнасы жұмыс істейді:

  • 8 (7182) 90-33-09 – Байланыс орталығы;
  • WhatsApp/SMS чат-боты: +7 702 739 54 53; 
  • Telegram-дағы чат-бот: @ПРЭКбот;
  •  Электрондық пошта: kps@pavlodarenergo.kz;
  • Сайттағы жеке кабинет: www.pavlodarenergo.kz.