Шарбақтылық тұрғын қос азаматтығы үшін елден шығарылды
Ол 2019 жылдың қазан айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақовтың айтуынша, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетелдік азамат бір мезгілде біздің еліміздің және басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар облысында 927 адамға қатысты ҚР азаматтығынан айырылу тіркелген. Оның 916-сы басқа мемлекеттің азаматтығы бар екендігі туралы дербес хабарлаған.
– Басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың Қазақстандық құжаттарды пайдаланған алты азамат анықталды, тағы 19 бұзушы белгіленген мерзімде басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды, – деді басқарма басшысы.
Полиция қызметкерлері заңты бұзған Шарбақты ауданының екі тұрғынын анықтаған. Олар 2023 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының азаматтығын және паспорт алған. Алайда заңнамада белгіленген мерзімде басқа республиканың азаматтығын қабылдағаны туралы хабарламаған және қазақстандық паспорттарды тапсырмаған. Сот қаулысымен ауыл тұрғындары кінәлі деп танылып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Басқа жағдайда, Екібастұз қаласының тұрғыны осындай бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен елден шығарылды. Ол 2019 жылдың қазан айында Ресей Федерациясының азаматтығын алғаннан кейін өзінің қазақстандық паспортын тапсырмаған.