Павлодарлықтарды отбасылық ойынға шақыруда
Қатысушыларды қызықты тапсырмалар мен еліктіргіш талқылаулар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, «Отбасылық құндылықтар» іскерлік ойыны 10 қазан күні сағат 13:00-де өтеді.
– Ойын барысында біз отбасылық қарым-қатынастың маңызды аспектілерін, отбасымызды нығайтатын дәстүрлер мен құндылықтарды талқылаймыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындап, еліктіргіш талқылауларда өз тәжірибелері және пікірлерімен бөлісе алады.
Іс-шара Ак. Марғұлан көшесі, 91 мекенжайы бойынша көркемсурет колледжінде өтеді.