Екібастұз мектептерінің бірінде тозған бассейнді жөндейді
Жабдықтардың тозып қалуына байланысты бассейн екі жыл бойы жұмыс істемеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласындағы №17 мектептегі бассейн жұмыс істемейді. Тұрғындар осы мәселе бойынша облыс әкімі Асайын Байхановқа жазған болатын. Аймақ басшысы өтінішті қабылдап, бассейннің жағдайын қарап шықты . Бұл туралы өзінің инстаграмында жариялаған болатын.
– Ғимаратты және оның қосалқы үй-жайларын қарап шыққаннан кейін, облыстың білім басқармасына 2024 жылы күрделі жөндеу үшін биыл қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырдым. Бұл мәселені жеке бақылауыма алдым, – деп жазды Асайын Байханов.
35 жыл бұрын салынған бассейн ғимараты 300 балаға арналған. Балалар арасында бассейннің жоғары сұранысқа ие болғанына қарамастан, жабдықтарының тозуына байланысты ол 2021 жылы жабылып, содан бері оны жөндеуге ешқандай қаражат бөлінбеген.
Сондай-ақ, облыс әкімі балаларға қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылымды құру басты міндеттердің бірі екенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram