Павлодарда кальян бергені үшін мекеме әкімшілері жазаланды
Әрқайсысына 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері аймақта ойын-сауық орындары мен демалыс орындарында рейдтер ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда кальян шегумен белсенді күрес жүргізілуде.
– Тәртіп сақшылары демалыс орындары мен ойын-сауық орындарын тексерген. Кальян қолданған келушілер мен әкімшілер жауапқа тартылды. Кальяндар мен ілеспе жабдықтар тәркіленді, – деп хабарлады департаментте.
Лермонтов, Ломов, Абай, Торайғыров, Академик Сәтбаев көшелері және Назарбаев даңғылындағы мекемелерде келушілер кальян шеккен. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды, әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, кальян бергені үшін мекеме әкімшілері жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.