Павлодар ауданында көлік тосолы ағып кетіп, жолаушыны күйік шалды

Павлодар ауданында көлік тосолы ағып кетіп, жолаушыны күйік шалды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Оқиға Новоямышев ауылының маңында орын алған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығының тұрғыны патрульдік полиция ротасының қызметкерлері –капитан Айбек Бейсенбаев пен аға лейтенант Қайрат Төкеновке алғыс білдірген. 

– Түнде Павлодар қаласына Газель маркалы автокөлікпен бара жатқан едік. Новоямышев ауылының маңында тосол көліктің салонына ағып кетіп, жолаушылардың бірінің аяғы қатты күйіп қалды. Біз жедел жәрдем шақырған едік, бірақ  ұзақ күту қиынға соқты, – дейді қала тұрғыны. 

Жолаушылар сол кезде жақын жерден өтіп бара жатқан полиция қызметкерлерін тоқтатып, көмек сұраған. Полицейлер бірден олардың жанына келіп, жәбірленушіні жедел жәрдем көлігіне жеткізген. 

Дереу көмекке келген полицейлерге риза болған тұрғын тәртіп сақшыларына қиын сәтте жанашырлық  танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, мықты денсаулық,  табыс пен амандық тіледі.