Павлодарда ағаштарды санитарлық кесу маусымы басталды
Санитарлық, ішінара және толық кесу үшін өтінімдерді қабылдау бойынша алгоритм әзірленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
109 қызметінің мәліметінше, ол үшін тұрғындардың жазбаша келісімі, кесуді қажет ететін нақты ағаштардың суреттері және ағаштарды кесу түріндегі түсініктеме (санитарлық, ішінара немесе толық) қажет.
Мұндай шара тұрғындар мен бригада арасындағы келіспеушілікті болдырмауға мүмкіндік береді. Бригаданың уақыты мен ресурстарын үнемдейді және жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттырады.
Өтінімдер + 7 (747) 7 901 109 Whatsapp нөмірі, Instagram @109.pavlodar, Pavlodar 109 телеграм арнасы және КОМЕК 109 мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.