Театр, сахна мәдениеті: Екібастұзда тіл майталмандары пікір алмасады

Театр, сахна мәдениеті: Екібастұзда тіл майталмандары пікір алмасады
Фото pixabay.com\ArminEP

«ЖАС ЖАЛЫН IV» қалалық турнир өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Мира Молдахметова мәлім еткендей, «Самғау» балалар шығармашылық орталығында дебат турнирінен оқушылар бақ сынасады.

Байқауды ұйымдастырушылар: спорт бөлімі мен «Қайнар» ББК. Оған 7-10 сынып оқушылар арасында 32 қатысушыдан құрылған 16 команда қатысады.

–  Турнир 1/8 ширек финал, жартылай финал және финал болып, американдық парламенттік форматта төрт кезең бойынша өтеді, – деді ол.

Облыстық, республикалық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері төрешілік етеді. Жарысқа 18- ші сәуірге дейін тіркеліп болады.

Байқау 18-ші сәуір күні сағат 10:00-де ұйымдастырылады.

Тіркелу үшін қатысушының аты-жөні, фракция атауы, мектебі, сыныбы, жетекшісінің аты-жөні, телефон нөмірін жіберу керек.

Толық ақпарат алу үшін +7 778 958 17 24 нөміріне хабарласуға болады.