Павлодарлық әнші «Астана Операда» талайды тамсандырды

Павлодарлық әнші «Астана Операда» талайды тамсандырды
Фото: «Астана Опера»

Елордада Джакомо Пуччини құрметіне гала-опера өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Концерт атақты композитордың дүниеден өткенінің жүз жылдығына арналды. Операны ұлы музыканттың жерлесі, дирижер Джузеппе Аквавива ұсынды. «Астана Опера» театрының сахнасында опера труппасының жетекші солистері, итальяндық опера жұлдыздары Марина Медичи мен Раффаэле Абете, қазақстандық сопрано Мария Мудряк, сондай-ақ театр хоры мен симфониялық оркестрі өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада «Уиллис», «Анжелика әпке», «Эдгар», «Қарлығаш», «Мадам Баттерфляй» және «Турандот» операларынан лирикалық дуэттер, ауқымды ансамбльдер және хор көріністері болды. Оркестрдің сүйемелдеуімен Жұпар Ғабдуллинаның Фиделия ариясы,  театр хоры да, Мария Мудряк орындаған Лиу ариясы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maria Mudryak (@maria_mudryak)

Павлодарлық әнші Instagram желісіндегі парақшасында осы спектакльден үзіндімен бөлісті.

Музыкалық бағдарламадан бөлек, көрермендер театр фойесінде ашылған «Жүз жылдық мұра, қолөнер және итальяндық құштарлық» атты бірегей көрмені тамашалады.