Республика күніне орай павлодарлықтар үшін «МУЗАРТ» тобы мен ALEM өнер көрсетеді

Республика күніне орай павлодарлықтар үшін «МУЗАРТ» тобы мен ALEM өнер көрсетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шаһар тұрғындары мен қонақтарын әсерлі концерт пен көтеріңкі көңіл күй күтіп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мерекелік шара 25 қазан күні сағат 11:00-де Конституция алаңында өтеді. Көрермендерге қазақстандық эстрада жұлдыздары – әйгілі «МУЗАРТ» және «KESHYOU» топтары, сондай-ақ танымал орындаушылар AMRE мен ALEM тамаша әндерін тарту етеді.

Ұйымдастырушылар мереке күні павлодарлықтарға қуаныш пен шаттық сыйлап, елге деген мақтаныш сезімін оятатын ерекше атмосфера қалыптастыруды көздеп отыр.