Павлодарлық баскетболшы қыздар ел кубогында күміс медаль олжалады

Павлодарлық баскетболшы қыздар ел кубогында күміс медаль олжалады

Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогы ойындары аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының мәліметінше, биылғы жарысқа 8 команда қатысты. Командалар турнирді 2 топқа бөлініп бастады. Өз тобында 1-2 орын алған командалар жартылай финалға өтті. 

Павлодарлық «Ertis» командасы өз тобынан 1-орынмен шықты. Жартылай финалда өткен жылғы кубоктың иегері «Тұран» командасына қарсы ойнап, жеңімпаз атанды. 

Ал, финалдық бәсекеде павлодарлық қыздар астаналық «Tigers-KazATU» командасымен жолығып, 73:49 есебімен тізе бүкті. 

Сонымен қатар, «Ertis» командасының баскетболшысы Рауан Туткишова турнирдің үздік 5 ойыншысының бірі атанды. 

Айта кетейік, «Ertis» баскетбол клубы өткен жылы Қазақстан кубогында қола медаль еншілеген болатын.

Оразбек Саяхат