Павлодарлық шахматшы Әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жетті

Павлодарлық шахматшы Әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жетті
Фото: Anna Shtourman

Ол америкалық шахматшыны басып озып, күтпеген жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтың рапид және блиц түрінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр

Ұлттық құрама гроссмейстері Денис Махнев классикалық шахматтан FIDE рейтингінде екінші орында тұрған Фабиа‌но Каруа‌наны жеңді. Денис сегіз ұпай жинап, Қазақстан шахматшылары арасынан рапидте үздік нәтиже көрсеткен.

12 раундтың қорытындысы бойынша Денис Махнев Қазақстан құрамасының ойыншылары арасында ең жоғары орынға ие болды– турнирдің жалпы рейтингінде 15-орын. Оның бір жеңілісі және бес жеңісі бар. Сондай-ақ, алты партия тең ойнап шықты. Айта кетейік, Қазақстан құрамасына тағы бір павлодарлық шахматшы кіреді. Бүгінде Әлішер Сүлейменов турнирдің 181-ші орында тұр.

Айта кетейік, биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры бір миллион АҚШ доллары. Бас жүлде үшін атақты және мықты шахматшылар – Магнус Карлсен, Ян Непомнящий күреседі.