Павлодарлық баскетболшылар жартылай финалға бір қадам жақындады

Павлодарлық баскетболшылар жартылай финалға бір қадам жақындады
Фото: «Ertis» БК

«Ertis» өз алаңындағы екі матчта да Ақтаудан келген қарсыластарын ұтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Біздің қыздар Ақтаудан келген «Каспий» командасына қарсы төрт матчтық серияның алғашқы екі ойынын өз алаңында өткізді. Екі кездесуде де павлодарлықтар сенімді жеңіске жетті — 77:67 және 79:73.

Бірінші матчта Кэтрина Транкале 22 ұпай жинап, команданың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Ал екінші ойында дәл осындай көрсеткішті Ділназ Еркебай қайталап, үздік мерген болды.

Жауапты кездесулер 16-17 сәуір күндері Ақтауда өтеді.

Егер павлодарлық команда серияда жеңіске жетсе, жартылай финалға шығып, Көкшетаудың «Окжетпес» командасымен кездеседі.