Павлодарлық спортшы ел чемпионатында қос медальға қол жеткізді

Павлодарлық спортшы ел чемпионатында қос медальға қол жеткізді

Алайда жерлестеріміз чемпионатта командалық жарыстан тыс қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары спорт шеберлігі мектебі мәлімдеді.

- 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Қостанай қаласында шаңғы жарысынан ҚР жазғы жастар чемпионаты өтті. Оған Павлодар облысының «ЖСШМ» спортшылары - Елизавета Толмачева мен Сабина Сүлейменова қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша Елизавета алтын және күміс медальға қол жеткізіп, тамаша ойын өрнегін көрсетті, - делінген хабарламада.

Елизавета Толмачева  классикалық жүріспен жеке жарыста өнер көрсетіп, бірінші орынды еншілесе, еркін жүрістегі жеке додада күмістен алқа тақты.

Ал Сабина Сүлейменова классикалық жүріспен жеке жарыста 6-орынға, еркін жүріспен жеке жарыста 9-орынға тұрақтады. 

Өкінішке қарай, эстафеталық жарыста павлодарлық спортшылар чемпионатқа команданың толық құрамының болмауына байланысты жарыстан тыс қалған.