Павлодарлық бокс әулетінің өкілі «Жібек жолынан» күміс тапты

Павлодарлық бокс әулетінің өкілі «Жібек жолынан» күміс тапты
Фото: Instagram @sport_baskarmasy

Қазақстандық боксшылар барлығы тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жоғары спорт жетістіктері мектебінің түлегі Анжа Сәдуақасова Бакуде өткен «Ұлы Жібек жолы» турнирінде 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Алғашқы кездесуде павлодарлық өзбек Зиола Юсифованы, жартылай финалда ресейлік Валерия Линкованы жеңді. Өкінішке орай, финалда отандасымызға сәттілік серік болмады. Анжа Сәдуақасова турнир қожайыны Зейнаб Рахимоваға 1:4 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық қыздар Әзірбайжанда барлығы тоғыз медаль жеңіп алды: Элина Базарова мен Виктория Байдукова чемпион атанды. Гүлназ Бөрібаева, Елянұр Тұрғанова, Томирис Мырзықұл, Сымбат Әлиасқар, Азиза Исина және Дина Исламбекова қола жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, Анжа Сәдуақасова спортшылар отбасынан шыққан. Анжаның әкесі Руслан Сәдуақасов бокстан спорт шеберлігіне кандидат, ал анасы Анна акробатикадан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. Үйдегі жеті бала да бокспен айналысады.