Павлодарда қол күресінен ашық қалалық чемпионат өтті
Жарыс әртүрлі салмақ категориясындағы ерлер мен әйелдер арасында болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ерлер 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, 90 кг-нан артық, ал әйелдер 60 кг, 60 кг-нан артық салмақ категориялары бойынша күресті.
«Қайсар» БЖК-да өткен іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау мен спорттық шеберлікті жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 60 кг салмақ қатегориясы бойынша бірінші орынды Михаил Горячев, екінші орынды Тимофей Уманец, үшінші орынды Бахтияр Мұқантай жеңіп алды.
Ал 65 кг салмақ категориясы бойынша бірінші орынды Таныр Искаков, екінші орынды Ислам Дишниев, үшінші орынды Никита Пашутин иеленді.
70 кг салмақ категориясы бойынша бірінші орынды Сұлтан Ершин, екінші орынды Илья Карташов, үшінші орынды Төле Ғинаят қанжығасына байлады.
80 кг салмақ категориясынан Ильдар Еникеев жеңімпаз атанды. Екінші орынды Станислав Павлушенко, үшінші орынды Нұрсұлтан Ақылбек жеңіп алды.
90 кг салмақ категориясында Степан Гринвальд бірінші орынға, Даулет Жұмақанов екінші орынға, Никита Козаченко үшінші орынға ие болды. 90 кг артық салмақ категориясынан Михаил Ларин бірінші орынды жеңіп алса, Марат Баязитов екінші орын, Павел Печиев үшінші орынды алды.
Әйелдер арасында бірінші орынды Милана Давыдова, екінші орынды Виктория Рыбке, үшінші орынды Людмила Бакушина иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Айта кетейік, «Қайсар» БЖК 15 жастан бастап спорттық үйірмелердің тегін жаттығуларына қабылдайды.