Павлодарлық студенттер тоғызқұмалақтан өткен жарыста жеңімпаз атанды

Павлодарлық студенттер тоғызқұмалақтан өткен жарыста жеңімпаз атанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жекелей есепте өңір спортшылары алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің мәліметінше, Өскемен қаласындағы  Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жоғары оқу орны студенттері арасында тоғызқұмалақтан «Шығыс Дивизиясы» бойынша студенттік спорт лигасы өтті.

– Жарысқа 4 команда қатысты. Олар – Әлкей Марғұлан атындағы ППУ,  Семей медициналық университеті,  Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті,  Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ. Марғұлан университетінің командасының құрамында 6 студент өнер көрсетті, – дейді баспасөз қызметі. 

Жарыс нәтижесі бойынша өңір командасы қыздар командасы арасында екінші орынды, ал ерлер командасы арасында бірінші орынды иеленді.

Жекелей есепте Марғұлан университетінің студенттері қыздар арасында бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алса, ерлер арасында үш алтын медальға ие болды.

Сонымен қатар, Жамиля Баилдяшева мен Ерасыл Ауталипов «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды.