Павлодарлық тоғызқұмалақшылар республикалық турнирде топ жарды

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар республикалық турнирде топ жарды
Фото: togyzkumalaq.pvl

Жарысқа 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаев атындағы республикалық-рейтингілік турнир өз мәресіне жетті.

Турнирге 12 облыстан және Қызылорда облысының бүкіл ауданынан 343 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жарыстың «Чемпион» санатында Ринат Керейбаев екінші орынға табан тіресе, 21 жас қыздар арасында Жәмиля Баилдяшева бірінші орынды қанжығалады. 21 жас ұлдар арасында Тамерлан Сапар екінші орынға ие болды. Ал 13 жасқа дейінгі қыздар арасында Айжан Темірбаева үшінші орын алды.