Павлодарлық тоғызқұмалақшы халықаралық жарыста үздік атанды
Турнир Чехияның Прага қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аққулы ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мәліметінше, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы өткізген жарысқа 13, 15, 17 жасқа дейінгі Чехия, Испания, Венгрия, Польша, Қазақстан елдерінің спортшылары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша өңір спортшысы Азамат Халел рапид түрінен бірінші орынды, классика түрінен үшінші орынды иеленді.