Павлодарлық суретшілер елордада акварельдерін ұсынды
Астаналықтар көрмені 10 тамызға дейін тамашалай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астана қаласы ҚР Президенттік орталығында Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың қолдауымен «Unifying ART: Kazakhstan – India» акварель жұмыстарының халықаралық көрмесі, Павлодар қаласының «Немалевичи» акварель шеберханасы және Үндістанның Курукшетра университеті профессоры Рам Виранжанның акварельдері ашылды.
Үндістанның Қазақстандағы елшісі Нагендра Прасад, жеті мемлекеттің – Израиль, Португалия, Австрия, Ирак, Кувейт, Ватикан, Бразилия елшілерімен және Қазақстанның басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен бірлесіп көрме ашты.
Көрменің негізгі мақсаты бай тарихи және рухани мұрасы бар Қазақстан-Үндістан қатынастарының екіжақты мәдени байланыстарын дамыту болып табылады.
Үндістаннан келген профессор мен павлодарлық суретшілер елордада 90 акварельді кескіндеме жұмыстарын ұсынды.
3-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында және келушілердің жоғары бағалауы нәтижесінде көрмені 10 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.