Павлодар облысының студенттерін партия қатарына шақырып жатыр

Павлодар облысының студенттерін партия қатарына шақырып жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үгіт-насихат жұмыстары басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мәлімдеуінше, апта басынан бастап өңірде облыстық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушылары арасында «Жастар рухы» жастар қанатының қызметін түсіндіру жұмыстары басталды.

Партия белсенділері өңірдің барлық ЖОО мен колледждеріне үгіт-насихат жұмыстарымен қамту жоспарында күн сайын барады. Сонымен қатар, оқу орындарында «Жастар рухы» ЖҚ бөлімшелері ашылады.