Павлодар облысында қияр бағасы арзандады

Павлодар облысында қияр бағасы арзандады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Статистик мамандар өткен айда бағалардың қалай өзгергенін зерттеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында 2026 жылғы қаңтардағы тұтыну бағаларының индексі 101,1 пайызды, азық-түлік тауарларына 100,9 пайызды құрады.

Азық-түлік тауарлары тобында тауық жұмыртқасы – 9,5 пайызға, майлар мен тоң майлар – 1,8 пайызға, макарон өнімдері – 1,7 пайызға, ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдер – 0,9 пайызға, балық және теңіз өнімдері  0,1 пайызға қымбаттады. Алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерінің бағасы 0,8 пайызға өсті.

Жемістер мен көкөністерден пияз – 3,9 пайызға, қияр 3,7 пайызға арзандады, сонымен қатар картоп бағасы 8,6 пайызға, қырыққабат – 8,1 пайызға, сәбіз – 3,9 пайызға, алма 1,8 пайызға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардың ішінде бензин 3,8 пайызға, тұрмыстық аспаптар 2,8 пайызға қымбаттады. Ақылы қызметтер саласында тарифтік жоспар үшін абоненттік төлем 8,7 пайызға, жолаушылар көлігі қызметтері  2 пайызға көтерілді.