Павлодарлық жас суретшінің суреті ұлттық энциклопедияға енді

Павлодарлық жас суретшінің суреті ұлттық энциклопедияға енді

Ол суретінде ғарыш объектілерін өте қызықты бейнелеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Алтын глобус» білім беруді, ғылымды және мәдениетті дамытудың халықаралық оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы ҚР қосымша білім беру ұйымдарындағы «Дарынды балалардың ұлттық энциклопедиясы" жобасын іске асыруда.

М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Палитра» изостудиясының тәрбиеленушісі Богдан Питраков жобаға қатысып, диплом, куәлік және төсбелгімен марапатталды. 

– Богдан өте ізденімпаз, талантты, астрономияны жақсы көреді, – деді жетекшісі Васелина Дмитриева. – Конкурстық жұмыста ғарыш объектілерін өте қызықты бейнеледі. Ол орталық жұлдыз, күннен және оның айналасында айналатын табиғи ғарыштық денелерден тұратын күн жүйесін көрсетті. Бұл кометалар, олардың серіктері, астероидтар, метеороидтар. Көкшіл кеңістіктің фонында планеталар орналасқан. Орталықта ғарыш кемесі.

Айта кетерлігі, Богданның композициясы ҚР қосымша білім берудің дарынды балаларының ұлттық энциклопедиясына енді.