Павлодарлық мектеп оқушылары келесі жылы қай күндері демалады?

Павлодарлық мектеп оқушылары келесі жылы қай күндері демалады?
Фото: Константин Шелков

«Ашық НҚА» порталында 2024-2025 оқу жылына арналған мектептегі демалыс кестесі туралы бұйрық жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұйрық жобасына сәйкес, жаңа оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Құжатқа сәйкес оқу жылы демалыс уақытымен төрт тоқсанға бөлінеді:

Бірінші тоқсан – 7 күн демалыс, 28 қазаннан 3 қарашаға дейін;

Екінші тоқсан – 10 күн демалыс, 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін;

Үшінші тоқсан – 11 күн демалыс, 21 наурыздан 31 наурызға дейін;

1-сыныптар үшін қосымша демалыстар – 7 күн, 3 ақпаннан 9 ақпанға дейін.

Мереке күндерінен басқа емтихан күндері де көрсетілді. 9-10- сыныптар үшін қорытынды емтихандар 29 мамырдан 9 маусымға дейін жоспарланған. Ал 11-12-сыныптар үшін мемлекеттік емтихандар 30 мамыр мен 12 маусым аралығында белгіленді.