Павлодарда мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа ережесі түсіндірілді
Енді педогогтар жаңа ереже бойынша портфолио тапсырмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, «Жас ұрпақ» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында өндірістік кеңес өтіп, онда педагогикалық кадрларды аттестациялаудың жаңа ережелерін талқылады.
- Жаңа ережелердің жағымды жағы сертификаттау процесінің өзін жеңілдету болып табылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, қызметкердің іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалаудың қажеті жоқ. Мұнда 72 сағат көлемінде білім беру нысандарын, білім беру ұйымдарын, педагогикалық қызмет бейіні бойынша бағдарламаларды еркін таңдау қағидаттары бойынша кемінде бес жылда бір рет біліктілікті арттыру үшін аттестаттаудан өту керек, - делінген хабарламада.
Мұғалім тек өз пәні бойынша тестілеуден өтеді және оның қызметі туралы барлық ақпарат ұлттық платформа негізіндегі жеке кабинетінде жинақталатын болады. Портфолио алынып тасталды.
Педагогтерге шәкірттерінің жетістіктеріне сәйкес марапаттар беріледі. Бұл біліктілік санатын беруге негіз бола алады. Енді мұғалім-зерттеуші және магистр санаттарын бекіту қажет емес, оны ұлттық тұғырнама арқылы бақылауға болады.
- Жастар үйінің педагогикалық ұжымы жаңа ережелерді зерделеу мен талқылауға белсенді қатысты. Педагогтарды жаңа аттестаттау ережелері жас мұғалімнен тәжірибелі маманға дейінгі жолды жеңілдететініне, оны ашық әрі түсінікті ететініне сенімдіміз. Өйткені аттестацияның негізгі қағидаттары алқалылық, ашықтық, педагогикалық ұжымға объективті қатынасты қамтамасыз ету және сертификаттау кезінде кемсітушілікке жол бермеу, - дейді басқармадағылар.
Сонымен қатар, ұлттық білім беру деректер базасы (ҰБББ) арқылы мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібін толығымен автоматтандыру жоспарлануда.