Павлодарлық NIS оқушылары республикалық пәндік олимпиадада 35 жүлдеге ие болды

Павлодарлық NIS оқушылары республикалық пәндік олимпиадада 35 жүлдеге  ие болды

Республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңінде барлық NIS бойынша 500-астам зияткер бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Назарбаев Зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше,  павлодарлық  NIS-тің 44 оқушысы қатысып, 35-і жүлделі орындарға ие болған. Оның 9-ы – І орын, 10-ы – ІІ орын, 16-сы – ІІІ орын. 

Оқушылар 4 күн бойы химия, биология, математика, физика, география, информатика, тарих, құқық негіздері, қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша білімдерін тексереді.

12-сынып оқушысы Ғалымжан Жанғазы пәндік олимпиадаға жыл сайын қатысады. 

Информатика пәнінен тыңғылықты дайындықтың арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Олимпиада онлайн түрде өтсе де, бәсекелестік рухы сезіледі. Тапсырмалар қызықты, ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Мектептің информатика командасының жақсы нәтиже көрсеткеніне де өте қуаныштымын, – дейді ол

Желілік олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға Ислам Жолдасбек (география), Мансур Тұрсұнғалиев (география), Шыңғыс Мүрсәлім (география), Балжан Аликенова (биология), Тамерлан Нұрлыбек (биология), Малика Нүкенова (биология), Әлихан Шерияздан (информатика), Жасын Егнай (информатика), Асанали Серікбек (информатика) ие болды.

Екінші орынды Аружан Құсайынова (орыс тілі), Кемер Қабылқайыр (құқық негіздері), Жасұлан Қазез (география), Абылайхан Амангулов (география), Аслан Ажибаев (математика), Арман Баймағамбет (математика), Ясмин Садвакасова (биология), Иван Пагин (химия), Рамиль Сәрсенбаев (химия), Ғалымжан Жанғазы (информатика) жеңіп алды.

 Үшінші орынды Аяулым Ақан (ағылшын тілі), Дильназ Сейсембекова (ағылшын тілі), Арина Ноярникова (орыс тілі), Аделя Тотенова (орыс тілі), Жасмин Сайфуллина (орыс тілі), Томирис Қабиденова (қазақ тілі), Аружан Ванг (қазақ тілі), Әлім Әнуар (география), Әнуар Қабдрахман (география), Ақжан Жанғазинов (математика), Дания Артыкбаева (биология), Тамила Рахимбаева (химия), Жасмин Садвакасова (химия), Мәдина Мадьярова (химия), Анель Токушева (химия), Ахмет Шайман (физика) иеленді.

Айта кетерлігі,  желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасын таныстырады.