Павлодарлық жас өнерпаздар халықаралық конкурс-фестивальде топ жарды

Павлодарлық жас өнерпаздар халықаралық конкурс-фестивальде топ жарды
Фото: облыстық білім басқармасынан

Семей қаласында «Көзге Иртыш Моңнары» татар өнерінің XXV халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл байқау қазақстандық көрнекті суретшілердің бірі Камил Муллашевтің 80 жылдығына арналды. Конкурс-фестивальге қатысу үшін Қазақстанның, Ресейдің, сондай-ақ ТМД елдері мен шет елдердің солистері мен шығармашылық ұжымдары шақырылды.

– Байқаудың негізгі мақсаты – барлық ұлттар мен әр түрлі жастағы балалар және ересектердің шығармашылық қабілеттерін ашу, рухани өзара байыту, тығыз байланыс орнату, халықтар арасындағы достық және еліміздің  көпұлтты мәдениетін одан әрі дамыту, – деді облыстық білім басқармасында. –  Фестиваль вокалдық жанр, аспаптық жанр, би жанры, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, ауызекі жанр номинациялары бойынша өтті.

«Халықаралық фестиваль-конкурстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының намысын қорғаған инструменталистер келесі жүлделі орындарды әкелді: бірінші орын Анель Шевчук, екінші дәрежелі лауреат Максим Татарченков. Сонымен қатар, музыкалық колледжден 16-19 жас санатында үш студент, атап айтқанда, баян аспабы бойынша Кирилл Мякота және домбыра аспабы бойынша Әділжан Жақсылықов пен Мария  Измайылова үшінші орынға ие болды.

Жас баяншылар Қасиет Әшірбек, Рауан Қанат және Ольга Качура конкурстың дипломанттары атанды.