Павлодарлық оқушылар облыстық газеттің тарихымен танысты
«Saryarqa Samaly» газетінің 95 жылдығына арналған «Өзі – бір күн, сөзі – мың күн» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараны Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы облыстың баспа басылымдарының тарихын зерделеу және білу мақсатында ұйымдастырды.
– Мұндай кездесулер оқушылардың аймақ тарихы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етеді, түрлі салада жұмыс істейтін адамдарға құрмет қалыптастырады. Газет қызметкерлерінің қызметімен танысу болашақ журналистика мамандығын таңдауға көмектеседі, – дейді «Павлодар дарыны» орталығы басшысының орынбасары Айгүл Құнанбаева.
Дөңгелек үстелде жалпы білім беретін мектептердің 7-8-сыныптардан 24-тен астам жасұланшы облыстық Halyq Radiosy-ның бас редакторы, Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі, «Павлодар дарыны» орталығының «Қазақша үйенейік» және «Медиа сауаттылық» бірлескен жобаларының жетекшісі Асыл Әбішев және «Saryarqa Samaly» облыстық газетінің журналисі Айдана Боранбаймен кездесті.
Қонақтар оқушыларды 1930 жылы газеттің құрылу тарихымен, газеттің құрылу бастауында тұрған редакторлар және журналистермен таныстырды. Қонақтардың өмірбаяны және шығармашылық өсуімен, журналистер мен тілшілердің күнделікті қызметімен, үдеріспен танысу қызықты болды. Баспасөз қызметкерлерімен кездесу оқушыларды шығармашылықтың, мамандықтың осы түріне үлкен қызығушылық тудырды. Кері байланыс тренингінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.