Референдум: Павлодарда қоғамдық көліктерде жолақы тегін болады
Жалпы республикалық референдум 6 қазанда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы республикалық референдум өткізілетін күні ағымдағы жылдың 6 қазанында қоғамдық көліктерде, атап айтқанда, автобустар, трамвайлар, шағын класты автобустарда жолаушылардың барлық санаттары үшін тегін жол жүру ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, Ақсу және Екібастұз қалаларында да жолақы тегін болады.
Еске сала кетейік, ҚР Орталық референдум комиссиясының деректері бойынша, заң референдумға қатысушының дауыс беру кабинасынан сайлау жәшігіне бюллетеньді қалай алып жүру керектігін реттемейді. Дегенмен, толтырылған бюллетеньді көрсету үгіт болып көрінуі мүмкін. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сондықтан толтырылған бюллетеньді ешкімге көрсетуге болмайды, ол үшін бүктеп, бүктелген күйінде әкелген дұрыс.