Павлодарлық өрт сөндірушілер өрт жеңдерін жуып, кептіретін қондырғыны жөндеді

Павлодарлық өрт сөндірушілер өрт жеңдерін жуып, кептіретін қондырғыны жөндеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жабдық өрт сөндіру жеңдерін жуу, кептіру және сынауға арналған және өңірде баламасы жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Павлодар ауданының №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 1988 жылы шығарылған «АИСТ» агрегатын жөндеп, қайта іске қосты.

Мамандар агрегаттың ақауын өз күштерімен анықтап, тозған бөлшектерді ауыстырды, сорғы мен су беру жүйесін жөндеді, электр бөлігін қалпына келтіріп, автоматиканы ретке келтірді. Сонымен қатар, жабдық толық тазартылып, боялды – бұл металл беттерін коррозиядан қорғауға мүмкіндік берді. Жөндеу жұмыстарын үшінші тараптың көмегінсіз өздері атқарды, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, қайта іске қосылған «АИСТ» қондырғысы өрттен кейінгі техниканы жедел есепке қоюға және өрт жеңдеріне сапалы техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай қондырғы Павлодар облысында баламасыз.

Өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен ұйымшылдығының арқасында агрегат толық көлемде жұмыс істеп тұр және өңірдің өрт қауіпсіздігі мүддесіне қызмет етуді жалғастырады.

Фотосуретті облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынды