Республика күніне орай Павлодарға Айқын Төлепберген келеді
Қала тұрғындарының алдында жергілікті әртістер де өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Республика күніне арналған мәдени бағдарлама 25 қазан күні сағат 9:00-де Павлодар ауылында Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінің салтанатты ашылуымен басталады. Іс-шараға Павлодар зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысады.
Сол күні сағат 11:00-де мемлекеттік рәміздер алаңында ҚР Мемлекеттік туын көтеруге арналған "Қыран елім-Қазақстан!» атты салтанатты іс-шарасы өтеді.
Сағат 11: 00-де Конституция алаңында Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Онда Павлодардағы өнер ұжымдары, сондай – ақ отандық эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген мен Гүлнұр Оразымбетова өнер көрсетеді.
Айта кетелік, орталық жағалауда ашылған спорт алаңдарында павлодарлықтар шахмат, тоғызқұмалақ және асық атудан бақ сынап, садақ атуға және арқан тартып сайысуға мүмкіндік алады.