Биыл Павлодар облысына алыс шетелден 500-ден астам адам келген
Өңірде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1,5 мыңға жуық шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың сегіз айында полиция органдарына – 6470 шетелдік келіп тіркелді. Оның ішінде 482-і – алыс шетелдерден, 5988-і – ТМД елдерінен.
– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1409 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 180 шетелдікті елден шығару туралы шешім қабылданды, – деді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 335 шетелдік және шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқаны үшін 121 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
Айта кетерлігі, осы кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен 674 шетелдік қабылданды.