Павлодарда донорлық қан қорын толықтыру үшін тұрғындарды қан тапсыруға шақырды

Павлодарда донорлық қан қорын толықтыру үшін тұрғындарды қан тапсыруға шақырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қан тапсыруға келетін азаматтар өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарын алып келуі тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық қан орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта I (O) RH-, I (O) RH+, II (A) RH+, III (B) RH+, III (B) RH- қан топтарына қажеттілік бар.

Донорларды қабылдау 12 наурыз күні Естай көшесі, 79 мекенжайында өтеді. Қан тапсыру уақыты 8:30-дан 13:00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты +7 (7182) 32-48-32 және +7 (708) 466-63-40 нөмірлері арқылы алуға болады.