Екібастұздықтар жылу үшін төлемақының 30 пайызын ғана төлейді
Оған жылу беру параметрлерінің сақталмауы себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Екібастұзжылуоэнерго» ЖШС мәліметінше, қаланы жылумен жабдықтаудың температуралық кестесін сақтамауға байланысты 2023 жылғы ақпан айында Екібастұз қаласының тұрғындарына жылумен қамту қызметтері үшін нақты төлемақы есептеулерінің 70% есептен шығарылады.
– Қазіргі уақытта мамандар қаланың магистральдік және орамішілік желілерінде температуралық параметрлерді қалпына келтіруге байланысты реттеу жұмыстарын жүргізуде, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жылу энергиясы бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешегі бар барлық тұтынушыларға айыппұл салынбайды.