«Ertis Promenade» сахнасында Аққулы шығармашылық ұжымы концерт өткізеді
Осы аптадағы мәдени іс-шаралардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, 19 маусымда 20:00-21:00-ге дейін «Top Star» фитнес клубының ұйымдастыруымен жаттығулар өтеді.
21 маусымда сағат 19:00-де Аққулы ауданының өнерпаздары «Ertis Promenade» сахнасында концерт ұйымдастырады.
22 маусымда 09:00-10:00-де «Top Star» фитнес клубының ұйымдастыруымен таңғы жаттығулар басталады. Ал, кешкі 19:00-де «Нұр» би ансамблінің концерті өтеді.
23 маусымда 10:00-11:00-де «BeStretch.Kz» студиясы жаттығулар ұйымдастырады. Ал кешкі 19:00-де «Ветер перемен» группасының концерті басталады.