Павлодарда Абайға арналған жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Павлодарда Абайға арналған жазба ақындар мүшәйрасы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған өңірдің жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әр қатысушы Абай Құнанбайұлына арнау немесе өмірі мен шығармашылығына байланысты және еркін тақырыпта бір өлеңнен жолдауы қажет. Өлеңдер жеке шығармашылық жұмыстар ретінде қабылданады.

– Өлеңдер шығармашылық көзқарас, тілдік құралдар мен көркемдік сапалар бойынша бағаланады. Әділ қазылар құрамына әдебиеттанушылар мен ақындар енеді, – деді Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында.

Плагиат болған жағдайда ақын сайыстан шығарылады. Өлеңдер берілген тақырып аясында ғана жазылуы тиісті, сай келмейтін өлеңдер қатыстырылмайды. Шығармалар мамырдың 23-іне дейін ұйымдастырушыларға жолдануы тиіс. Өтінім үлгісі туралы 8 (747) 720-56-49 нөмірі арқылы сұрауға болады.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі «Абай күні» қарсаңында өтеді.