Саналы маусым: Павлодарлық жайдарманшылар маусымашардан оралды

Саналы маусым: Павлодарлық жайдарманшылар маусымашардан оралды
Фото: jaidarman_production

Олардың қандай лигаларда ойнайтыны анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында өткен жайдарман ойынының маусымашарына павлодарлық жайдарманшылар да барып қайтты.  Павлодар өңірінің атынан жалпы бес команда қатысты. Биыл жайдарман аталмыш маусымды – «Саналы маусым» деп атады. 

Бір аптаға созылған маусымашарда командалардың қандай лигаларда өнер көрсететіндігі анықталып, «Саналы маусымға» жоспар құрды. Бір командалар сүйікті ойынымен қоштасып жатса, тағы бір командалар жаңа маусымға чемпиондыққа ниет етіп қадам басуда. 

Өңіріміздің намысын қорғап барғандар: өткен жылғы премьер-лига ойындарының жүлдегерлері «Андриановка» құрамасы, қайта құрылған «Драйв», моно команда «Сапашев», қыздар командасы «Made in Chekhov», облыстық жайдарман ойындарының күміс жүлдегерлері   «Низам» құрамасы. 

Маусымашар нәтижелері бойынша Астана қаласында өтетін  ұлттық лигаға «Сапашев» пен «Драйв» командалары жолдама алса, Алматы қаласында өтетін премьер-лигаға «Андриановка» жолдама алды. Ал «Низам» мен «Made in Chekhov» құрамалары бірінші лигаға өтті.