Сапа мен сенім: Ақсуда элиталық үйлердің іргетасын кімдер қалап жатыр?
Түрлі маркалы бетон шығаратын кәсіпкер моноқаланың инфрақұрылымын көтеруде, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.
2021 жылы ашылған «Базис-PVL құрылыс компаниясы» ЖШС темірбетон және бетон конструкциялары бұйымдарын жинау және өндірумен айналысады. Компания екі бағыт бойынша жұмыс істейді: коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру және сұйық бетон, бетон бұйымдарын өндіру. Мыңнан астам шаршы метр құрайтын заманауи өндірістік кешенде толық жабдықталған бетонды-еріту торабы бар. Кәсіпорын М 100-400 маркалы бетон өндіреді. Сатып алушылардың ыңғайлылығы үшін дайын өнімді алып кетуі үшін жеке бетон араластырғыштар бар.
Бүгінде кәсіпорын командасы 15 жоғары білікті маманнан құрылған.
– Бетонға сұраныс жоғары. Құрылыс үшін әрқашан да бетон қажет. Біз Ақсудағы стадион мен фермерлік базардың құрылысына да қатысып, бетон құямыз. Стадионда жұмыстар аяқталып қалды, ал базардың іргетасын бетонмен құйып жатырмыз, содан кейін қабырғаларға көшеміз. Жаңа шағын аудандағы элиталық санаттағы үйдің іргетасын да салып жатырмыз, – деді кәсіпорын директорының орынбасары Тимур Адасханов.
Оның сөзінше, ірі тапсырыстардан бөлек жеке үй немесе көлікжайды салғысы келетін тұрғындарға да бетон мен іргетасты блоктар сатылады.
– Бетон араластырғыштар мен тиегіштерді Астанадан, ал шикізат өнім – цементті Семейден сатып аламыз. Бізде сыйымдылығы бес және жеті текшелік жүк көліктер бар. Олардың арқасында жүк бірнеше минут ішінде түсіріледі, – деп атап өтті Тимур Адасханов.
Тимурдың айтуынша, бетонға сұраныс маусымаралық болып келеді.
– Жұмысымыз төрт-бес айда қайнап жатады. Суық түскенге дейін бетонды дайындаймыз, – деді спикер.
«Базис-PVL құрылыс компаниясы» ЖШС өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту мен құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру үшін «Forte Bank» АҚ-да Euromecc атты жеткізу мен монтаждау бойынша заманауи жабдығын сатып алу және қойма құрылысы мен бақылау-өткізу бекетін салу үшін 100 миллион теңгеге несиелік желіні ашты. Жоба бес жылға банктің жеке қаржысы есебінен субсидияларды пайдалану және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы есебінен табысты қаржыландырылды.