Жұма күні Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

Жұма күні Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

14 шілде күні күндіз облыстың батыс және оңтүстік бөлігінде бұршақ жауады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында аздаған жаңбыр жауады, күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. 

Оңтүстік желі 9-14, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, батыста, оңтүстікте күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Ауа температурасы түнде 21-26, күндіз 32-37 градус, оңтүстікте, солтүстікте, облыстың орталығында 40 градус ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік желі 9-14, күндіз 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 35-37 градус ыстық болады.