Павлодарда өнерпаз жастар арасында кастинг жарияланды

Павлодарда өнерпаз жастар арасында кастинг жарияланды
Фото:pixabay.com

«Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы жүргізушілер, хореограф пен әншілерді іздеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Кастинг 17 қаңтарда 17:00-де Торайғыров көшесі, 48 мекенжайында өтетін болады. 

– Егер сіз мерекелік концерттерді жүргізгіңіз келсе немесе сахнада ән айтқыңыз келсе, бұл кастинг сізге арналған! Бағыңызды сынауға шақырамыз,– деді орталықта. 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жасы - 18-30 жас;
  • Бойы - 165-180 см;
  • Дене бітімі келісті;
  • Дауысы жағымды, диапазоны жоғары болу керек. 

Сұрақтар бойынша 8(701) 389-03-03 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.