«Павлодар-Водоканал» тарифтерін қайта қарау бойынша тыңдаулар өтті

Тарифтердегі өзгерістер сумен жабдықтау, су бұру және техникалық сумен жабдықтауға қатысты талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылға арналған тарифтерді қарау бойынша шара Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінде ұйымдастырылды.
Тыңдауда тарифті енгізудің негізгі параметрлері мен негіздемесі қаралды. Атап айтқанда, электр энергиясы құнының көтерілуі, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тозуын азайту мақсатында желілерді жаңғырту, ресурстар құнының өсуі мен еңбекақы мәселелері қозғалды.
Жобамен тарифтерге енгізілетін өзгерістер келесідей:
Ауызсумен жабдықтау:
- есепке алу аспаптары бар жеке тұлғалар үшін тариф текше метріне 76,67 теңгеден 119,56 теңгеге дейін көтеріледі;
- есепке алу аспаптары жоқ жеке тұлғалар үшін – 115,07 теңгеден 179,44 теңгеге дейін;
- заңды тұлғалар (басқа тұтынушылар) үшін – 307,24 теңгеден 479,10 теңгеге дейін;
- бюджеттік ұйымдар үшін – 732,48 теңгеден 1142,21 теңгеге дейін.
Сарқынды суды бұру:
- заңды және жеке тұлғалар үшін тариф 34,50 теңгеден 46,61 теңгеге дейін көтеріледі;
- бюджеттік ұйымдар үшін 352,29 теңгеден 475,98 теңгеге дейін өзгереді.
Техникалық сумен жабдықтау:
- жеке тұлғалар үшін тариф 33,01 теңгеден 53,74 теңгеге дейін өседі;
- басқа тұтынушылар үшін 105,65 теңгеден 171,99 теңгеге дейін көтеріледі.