Успен ауданында Тәжікстан азаматы ұсталды
Мемлекетаралық іздеуде жүрген алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, Успен ауданының полициясы мен шекара қызметі мемлекеттік шекараны өту кезінде құқық қорғау органдарының күзетшілеріне күдік туғызған ер адамды тоқтатты.
– Ер адам күдікті әрекет етіп, артына қарай берген.Тексеру кезінде оның мемлекетаралық іздеуде екендігі анықталды, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Шетелдік 2022 жылдың қаңтарында Тәжікстан Республикасының құқық қорғау қызметтерімен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестірілді. Ол уақытша қамау изоляторына қамалды.