Якутияда іздеуде жүрген тұрғын Павлодар облысында табылды
Ер адамға қатысты жалған құжаттарды жасағаны үшін іс қозғалған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Успен ауданының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстаған.
– 33 жастағы ер адамның Ресей Федерациясының азаматы және Саха Якутия Республикасының тұрғыны екендігі анықталды. 2022 жылы оған қатысты жалған құжаттарды жасағаны немесе өткізгені үшін Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 327-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған, – деді Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Сол жылы ер адамға Ресей ІІМ-нің Борзин ауданы бойынша Ресей ІІМ-нің Забайкальск өлкесі бойынша мемлекетаралық іздеу жарияланған. Оны ұстау туралы іздестіру бастамашысына хабарланды.