Екібастұзда екі қабатты үйдің шатыры түгелдей жанып кетті

Екібастұзда екі қабатты үйдің шатыры түгелдей жанып кетті

Өртті ауыздықтау жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 17:57-де Екібастұз қаласы, М.Жүсіп көшесі 2 мекен-жайындағы 2 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанды.  

- Қазіргі таңда өртті оқшаулау және жою жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген хабарламада.

ТЖД күшімен тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. Оқиға орнында 6 өрт сөндіру техникасы мен 22 маман жұмылдырылған. 

Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 30 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 7 бала бар. 

Сонымен қатар, төтеншеліктер жалын ішінен 6 газ баллонын алып шықты.