Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Астанадан Павлодарға қосымша пойыздар жүреді
Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ұлттық тасымалдаушы Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында қосымша пойыздарды қосады. Бұл жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады.
№7510/7509 Электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады.
– Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта - 18 желтоқсан мен және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді. Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады,– деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, қосымша пойыздар Астанадан Шымкентке және кері бағытта, Астанадан Алматыға және дәл солай кері бағытта жүреді. Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады. Анықтама ақпаратты «1433» нөмірі және «KTZH_PP_BOT» телеграмм бот арқылы алуға болады.