Павлодар әкімі зауыт қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді
Азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша көшпелі қабылдау «KSP Steel» ЖШС-да жалғасты. Қала әкімі Хасар Хабылбек өндіріс орнының қызметкерлерімен диалог алаңында жүздесті. Тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, біқатар мәслелер бойынша түсініктеме берілді.
– Зауыт қызметкерлерінің көпшілігі Қамзин және Лермонтов көшелерінің қашан ашылатынын сұрап, абаттандыру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанына қызығушылық танытты. Жаңа жылу желілерін салудың нормативтік мерзімі сегіз айдан асатынын түсіндірдім. Ал біз бұл жұмыстарды төрт айда өткіздік, – дейді шаһар басшысы.
Ағымдағы айдың 25 қыркүйегіне дейін Қамзин көшесін абаттандыруды аяқтау жоспарлануда. Лермонтов көшесінің Луговой көшесінен Сәтбаевқа дейінгі бөлігіне айдың соңына дейін асфальт төселеді.
Сонымен қатар, зауыт жұмысшылары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау саласы, баспана мәселелері бойынша өтініш білдірді. Барлық мәселелер бақылауға алынды.