Павлодарлық еріктілер студенттерге жемқорлыққа қарсы тұруды үйретеді
Адал жолды дәріптеген еріктілер студенттермен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жаңа оқу жылының басталуымен Павлодар қаласының оқу орындарында «Адалдық сағаты» акциясы қайта жанданды. Бұл жолы еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы спикерлер болды. Іс-шараға 3000-нан астам студент қатысты.
Олар колледж студенттерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті нығайту мәселелеріндегі басты рөл өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.
– Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық білімін арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға арналған. Іс-шара барысында балаларға адалдық пен әділдік сияқты моральдік қасиеттердің қаншалықты маңызды әрі сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін және сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда не істеу керектігін түсіндірдік, – дейді еріктілердің бірі Жанат Сарбасов.
Айта кету керек, оқу жылы бойы еріктілер өңірдің барлық оқу орындарына барады.