Ақсулық спортшы Польшада гір көтеруден қола алды

Ақсулық спортшы Польшада гір көтеруден қола алды
Фото: pexels.com

Ол Украина мен Германия елдеріне есесін жіберді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Польшаның Жешув қаласында гір спортынан әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 32 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын Ақсу қаласының спортшысы Нұртас Жүнісов қорғады.

Ол 32 кг гір салмағымен кәсіпқой ерлер арасында 68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыстан (серпу+жұлқи көтеру) өнер көрсетті. Нәтижесінде Украина мен Германия спортшыларына есе жіберіп, Қазақстан құрамасының еншісіне қола медаль жеңіп алды.