«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Үшінші кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Көмекке мыналар кіреді:
- жерлеуге байланысты шығындарды жабу;
- қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;
- 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);
- 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу, тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;
- Қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;
- Ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;
- Серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- Әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен лагерьлерге жыл сайын жолдама беру.
Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.
Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.
5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасты.
Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.
Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.