Қызылордадан Павлодарға тонналап күріш пен тұз жеткізіледі

Қызылордадан Павлодарға тонналап күріш пен тұз жеткізіледі
Фото: pexels.com / Vie Studio

Бұл өңірдегі агробизнесті дамытуға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыс күндері Қызылорда облысында «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауыл дамуының негізі» атты республикалық семинар өтіп, оған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мамандары, агробизнес өкілдері қатысты.

Семинарға облыс атынан ауыл шаруашылығы басқармасының, «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар» АҚ өкілдері және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Барлық қатысушылар әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компаниялардың қаражатына салынған бірқатар әлеуметтік нысандар мен спорттық инфрақұрылымдарды аралады.

Семинар қорытындысы бойынша облысымызда аграрлық-өнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту үшін «Павлодар» ӘКК» АҚ «Асыл Дән ЛТД» ЖШС және үш миллион «Абай Дәулет» ЖШС-мен 204 тонна күріш және 68 тонна тұз жеткізуге келісім-шартқа отырды, – делінген хабарламада.

Келісім-шарттың жалпы сомасы 85 миллион теңгені құрады.

Сондай-ақ шара барысында ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді атсалысқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері марапатталды.

«Үздік шаруа қожалығы» аталымы бойынша «AGRO Terra» ЖШС басшылары – Ербол Әлібеков және «Галицкое» ЖШС – Александр Касицын марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Успен ауданының «Галицкое» шаруа қожалығына ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің өзі ілтипат білдірді.